» » http://abai-maktaaral.mektebi.kz/mektep/

 
 
 

http://abai-maktaaral.mektebi.kz/mektep/

Автор: admin от 15-05-2016, 02:21, посмотрело: 1263

0

№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі”

мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы


 Мектеп 1969 жылы қыркүйек айында Жетісай қаласына іргелес "Красная звезда” "(Қызыл жұлдыз)” кең шарының орталығындасалынған типтік жобадағы мекеме болып табылады.

         536 оқушыға арналған екі қабатты, екі ғимараттан тұрады. Сонымен қатар, акт залы, спорт залы, мектеп асханасы және оқу шеберханасы, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері және т.б.оқу тәрбие жұмыстарына арналған қосалқы ғимараты бар.мектеп ауласы (көгалдандыруға арналған жер телімі, спорт алаңы т.б.бастауыш сынып оқушыларына арналған спорт алаңы) 

3,5 га 

болып табылады. Мектептегі оқушылар 1990 жылдарға дейін 2 тілді (орыс және қазақ) оқытылып келген.


            Мектепте тек кеңшар жұмысшылары отбасы оқушылары ғана емес қала тұрғындары отбасы оқушыларыда оқыған. Негізінен мектеп алғашқы жылы Ш. Уәлиханов, Титова (қазіогі Тұран ОМ) Горький орта мектебі оқушыларымен жинақталған КСРО-ның таратылуына байланысты қаладағы және кеңшардағы басқа ұлт өкілдерінің (орыс, грек, неміс) тарихи отандарына қоныс аударуына байланысты, 1990 жылы таза қазақ тілінде оқытылатын (1 тілді) мектепке айналдырады және "Қызыл жұлдыз” кеңшарына таратылыуы себепті кеңшар орталығы  орналасқан территория Жетісай қаласына қозғалуы себепті Жетісай қаласына қарасты мектепке айналды.

         Мектептің алғашқы директоры Мәжіт Әбішов 1969-1971 ж Ш.Уәлиханов орта мектебінде директордың оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінен ауысып келген. Ол кісі Жетісай қаласындағы қазіргі А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде алғашқы директоры болып табылады. Өзінің қызметі тарихында аудандағы бірнеше білім мекемелерінде басшы қызметкер, сонымен қатар партия, совет, комсомол жұмыстарында маңызды жұмыстар атқарған. Бұрынғы Киров ауданы:орталығы ХХ партия съезд кеңшары болған қызылқұм ауданы аудандық комсомол комитетінің 2-ші және 1-ші хатшысы қызметтерін атқарған.

         Мектептің 2-ші директоры Әбдіқадыр Құлбаев (1971-1988 жылдар аралығында) Ұлы Отан соғысы ардагері Жетісай аудандық білім бөлімі меңгерушісі қызметінен ауысып келген. Аудан көлеміндегі бірнеше мектептерде басшылық қызметтер атқарған. Мектептің 3-ші директоры. МырсадықӘбуталипов (1988-1996 жылдар аралығында) аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Шардара ауданы мектептерінде мектеп директоры қызметтерін атқарған. Бұл қызметте Жетісай аудандық жұмысқа жастарды сырттан оқыту мектебі. Директоры қызметінен ауысып келген. Мектептің 4-ші директоры: Қоныс Пірімбеков (1996-2001 жылдар аралығы). Бұл қызметте Жетісай ауданы, Ленн атындағы кеңшар орталығында Н.Крупская орта мектебі (қазіргі М. Шоқай) директорының оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінен ауысып келді.

         Мектептің 5-ші директоры Әлібек Тұрғанбеков (2001-2010 жылдар аралығы). Осы мектепте 1993-2001 аралығында мектеп директорының оқу тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған бұл қызметке  Жетісай ауданы оқу бөлімінің инспекторы, (бас маман) қызметінен ауысып келген.

         Мектебіміздің алтыншы директоры Жантуреева Кенжегул Анарбекқызы (15 қаңтар 2010 жыл) қазіргі таңда қызмет атқаруда.

         Мектептің 41 жылдық тарихында өздерінің шәкіртерімен ата-аналардың терең илтипатына  бөленіп, өздерінің ұстаздық еңбегінде ел есінде қалған ұстаздар Бержанова Шарипа КСРО мұғалімдер сьезінің дилигаты. Әліпова Несіпкүл Қазақстан ССР оқу ісінің үздігі, Сариев Матай (марқұм), Анарбеков Маңытай (марқұм), Берікбаева Сабира, Әлімбетова Әтіркүл (марқұм), Борашева Рғал (марқұм).

         Қазіргі мектеп мұғалімдері Баймбетова Қанзада, Жұмасейітова Майра, Құлназарова Шолпан, Орбасова Қаракөз, Естемирова Алия, Сарыбаева Алмагұл, Қожбанова Хадиша, Төленов Ниятулла, Бекахметова Мадина, Абдурахимова Дәрігүл, Исабекова Жақсыгүл, Махатова Гүлсара.

         Мектебімізде қазіргі таңда 71 мұғалім оқушыларға  білім беруде. 8 жоғары санаты, 26 бірінші санатты, 22 екінші санатты мұғалімдер қызмет етеді.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.