жетістіктер

Автор: admin от 15-05-2016, 03:31, посмотрело: 1112

0

"№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі”
мемлекеттік мекемесінің жетістіктері
Мектеп мұғалімдер ұжымы, басшылығы, мектеп оқушылары, ата-аналар демеушілігі арқасында Абайдың 150 жылдық мерекесі қарсаңында мектепте 1994 сәуір айында аудандық ғылыми практикалық конференция өткізілсе, 1995 жылы мамыр айында Абайдың 150 жылдық тойын аудан аралық көлемде, өткізіп көрші Өзбекстан Республикасымен облыс көлеміндегі Абай атындағы мектеп басшыларымен лауазымды кісілер, Ұлы Отан соғысы  ардагердері еңбек ардагерлері шақырылды. Мектептің 41 жылдық тарихында 9 ғылым кандидаты шыққан, соның бірі Тәжібаев Төлеген.
Ресей ғылым академиясы ұйымдастырылған ТМД мемлекеттерінің жас ғалымдар сайысында Ресей ғылым академиясының Үлкен Алтын медалін жеңіп алып ең жас ғалым атанған.
Республикалық Бозторғай ән-би байқауына, Қоңыраулы қошақан сайыстарына қатысып жүлделі орын иеленген Жанна және Диана.
Жас ғалым журналының жеңімпаздары 2008-2009 оқу жылының түлектері Баязитов Бақытқожа, Мамырова Меруерт. Абай-Шәкәрім оқуларының алғашқы Республикалық сайысында 3-ші жүлделі орынға ие болған Ақмарал Құдайбергенова. "Қалқаман Мамыр” поэмасын жатқа айтқан. Мектебімізде мектепішілік және сыныптан тыс жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда өнерпаздар сайысы, "Зерделі Зере”,  "Ұлағатты Ұлжан”,  "Парасатты Айгерім”,  "Тоғжан сұлу”,  "Жігіт сұлтаны”, т.б.сайыстар өткізіліп тұрады.

 


Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.