Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектептегі тамақтану

Автор: admin от 14-02-2019, 00:57, посмотрело: 1041

2
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану

Категория: Мектеп

 

7 мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Автор: admin от 10-01-2018, 10:54, посмотрело: 1292

4 Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні. Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) Н.Ә.Назарбаев кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі. Отан қорғаушылар Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. 20 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі. Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Категория: Мектеп

 

Рәміздер

Автор: admin от 16-02-2017, 10:28, посмотрело: 733

2

 

 Қазақстан Республикасының туы

 

 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

 


  Қазақстан Республикасының елтаңбасы

 


 

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 


  Қазақстан Республикасының гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Гимн Сипаттамасы

Гимн — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Гимн мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан Гимннің әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік Гимн қабылданды.
Жаңа Гимннің негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән — «Менің Қазақстаным». Бұл ән — жалынды жастықтың Гимні, халық жанының нағыз поэмасы болып танылған.
2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа Гимні болып атақты ән — «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан Гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор — еліміздің Президенті.
Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа Гимн 2006 жылғы 7 қаңтардағы "Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Елбасы қол қойған № 112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары — ресми жариялау күні — тарихқа еліміздің жаңа Гимнінің туған күні ретінде жазылып отыр.

 

Категория: Мектеп

 

жетістіктер

Автор: admin от 15-05-2016, 03:31, посмотрело: 1113

0

"№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі”
мемлекеттік мекемесінің жетістіктері
Мектеп мұғалімдер ұжымы, басшылығы, мектеп оқушылары, ата-аналар демеушілігі арқасында Абайдың 150 жылдық мерекесі қарсаңында мектепте 1994 сәуір айында аудандық ғылыми практикалық конференция өткізілсе, 1995 жылы мамыр айында Абайдың 150 жылдық тойын аудан аралық көлемде, өткізіп көрші Өзбекстан Республикасымен облыс көлеміндегі Абай атындағы мектеп басшыларымен лауазымды кісілер, Ұлы Отан соғысы  ардагердері еңбек ардагерлері шақырылды. Мектептің 41 жылдық тарихында 9 ғылым кандидаты шыққан, соның бірі Тәжібаев Төлеген.
Ресей ғылым академиясы ұйымдастырылған ТМД мемлекеттерінің жас ғалымдар сайысында Ресей ғылым академиясының Үлкен Алтын медалін жеңіп алып ең жас ғалым атанған.
Республикалық Бозторғай ән-би байқауына, Қоңыраулы қошақан сайыстарына қатысып жүлделі орын иеленген Жанна және Диана.
Жас ғалым журналының жеңімпаздары 2008-2009 оқу жылының түлектері Баязитов Бақытқожа, Мамырова Меруерт. Абай-Шәкәрім оқуларының алғашқы Республикалық сайысында 3-ші жүлделі орынға ие болған Ақмарал Құдайбергенова. "Қалқаман Мамыр” поэмасын жатқа айтқан. Мектебімізде мектепішілік және сыныптан тыс жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда өнерпаздар сайысы, "Зерделі Зере”,  "Ұлағатты Ұлжан”,  "Парасатты Айгерім”,  "Тоғжан сұлу”,  "Жігіт сұлтаны”, т.б.сайыстар өткізіліп тұрады.

 


Категория: Мектеп

 

http://abai-maktaaral.mektebi.kz/mektep/

Автор: admin от 15-05-2016, 02:51, посмотрело: 953

3

Мектеп туралы ең қызық мәлімет 

http://abai-maktaaral.mektebi.kz/mektep/


  

Категория: Мектеп

 

http://abai-maktaaral.mektebi.kz/mektep/

Автор: admin от 15-05-2016, 02:21, посмотрело: 1264

0

№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі”

мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы


 Мектеп 1969 жылы қыркүйек айында Жетісай қаласына іргелес "Красная звезда” "(Қызыл жұлдыз)” кең шарының орталығындасалынған типтік жобадағы мекеме болып табылады.

         536 оқушыға арналған екі қабатты, екі ғимараттан тұрады. Сонымен қатар, акт залы, спорт залы, мектеп асханасы және оқу шеберханасы, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері және т.б.оқу тәрбие жұмыстарына арналған қосалқы ғимараты бар.мектеп ауласы (көгалдандыруға арналған жер телімі, спорт алаңы т.б.бастауыш сынып оқушыларына арналған спорт алаңы) 

3,5 га 

болып табылады. Мектептегі оқушылар 1990 жылдарға дейін 2 тілді (орыс және қазақ) оқытылып келген.


            Мектепте тек кеңшар жұмысшылары отбасы оқушылары ғана емес қала тұрғындары отбасы оқушыларыда оқыған. Негізінен мектеп алғашқы жылы Ш. Уәлиханов, Титова (қазіогі Тұран ОМ) Горький орта мектебі оқушыларымен жинақталған КСРО-ның таратылуына байланысты қаладағы және кеңшардағы басқа ұлт өкілдерінің (орыс, грек, неміс) тарихи отандарына қоныс аударуына байланысты, 1990 жылы таза қазақ тілінде оқытылатын (1 тілді) мектепке айналдырады және "Қызыл жұлдыз” кеңшарына таратылыуы себепті кеңшар орталығы  орналасқан территория Жетісай қаласына қозғалуы себепті Жетісай қаласына қарасты мектепке айналды.

         Мектептің алғашқы директоры Мәжіт Әбішов 1969-1971 ж Ш.Уәлиханов орта мектебінде директордың оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінен ауысып келген. Ол кісі Жетісай қаласындағы қазіргі А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде алғашқы директоры болып табылады. Өзінің қызметі тарихында аудандағы бірнеше білім мекемелерінде басшы қызметкер, сонымен қатар партия, совет, комсомол жұмыстарында маңызды жұмыстар атқарған. Бұрынғы Киров ауданы:орталығы ХХ партия съезд кеңшары болған қызылқұм ауданы аудандық комсомол комитетінің 2-ші және 1-ші хатшысы қызметтерін атқарған.

         Мектептің 2-ші директоры Әбдіқадыр Құлбаев (1971-1988 жылдар аралығында) Ұлы Отан соғысы ардагері Жетісай аудандық білім бөлімі меңгерушісі қызметінен ауысып келген. Аудан көлеміндегі бірнеше мектептерде басшылық қызметтер атқарған. Мектептің 3-ші директоры. МырсадықӘбуталипов (1988-1996 жылдар аралығында) аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Шардара ауданы мектептерінде мектеп директоры қызметтерін атқарған. Бұл қызметте Жетісай аудандық жұмысқа жастарды сырттан оқыту мектебі. Директоры қызметінен ауысып келген. Мектептің 4-ші директоры: Қоныс Пірімбеков (1996-2001 жылдар аралығы). Бұл қызметте Жетісай ауданы, Ленн атындағы кеңшар орталығында Н.Крупская орта мектебі (қазіргі М. Шоқай) директорының оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінен ауысып келді.

         Мектептің 5-ші директоры Әлібек Тұрғанбеков (2001-2010 жылдар аралығы). Осы мектепте 1993-2001 аралығында мектеп директорының оқу тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған бұл қызметке  Жетісай ауданы оқу бөлімінің инспекторы, (бас маман) қызметінен ауысып келген.

         Мектебіміздің алтыншы директоры Жантуреева Кенжегул Анарбекқызы (15 қаңтар 2010 жыл) қазіргі таңда қызмет атқаруда.

         Мектептің 41 жылдық тарихында өздерінің шәкіртерімен ата-аналардың терең илтипатына  бөленіп, өздерінің ұстаздық еңбегінде ел есінде қалған ұстаздар Бержанова Шарипа КСРО мұғалімдер сьезінің дилигаты. Әліпова Несіпкүл Қазақстан ССР оқу ісінің үздігі, Сариев Матай (марқұм), Анарбеков Маңытай (марқұм), Берікбаева Сабира, Әлімбетова Әтіркүл (марқұм), Борашева Рғал (марқұм).

         Қазіргі мектеп мұғалімдері Баймбетова Қанзада, Жұмасейітова Майра, Құлназарова Шолпан, Орбасова Қаракөз, Естемирова Алия, Сарыбаева Алмагұл, Қожбанова Хадиша, Төленов Ниятулла, Бекахметова Мадина, Абдурахимова Дәрігүл, Исабекова Жақсыгүл, Махатова Гүлсара.

         Мектебімізде қазіргі таңда 71 мұғалім оқушыларға  білім беруде. 8 жоғары санаты, 26 бірінші санатты, 22 екінші санатты мұғалімдер қызмет етеді.

Категория: Мектеп