Войти
Закрыть

Оқушыларға кеңес

Оқушыларға

Оқушыға кеңес
Жоғарғы сынып оқушыларына кеңес. Стрессіз емтихан тапсыру
1. «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіңе ұста. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, барлық материалдарды қарап шығып, өзіңе таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан баста.
2. Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс. Жаңа және күрелі материалды жұмыс жасауға және ойлау қабілеті жоғары болатын тәулік уақытында оқы. Әдетте бұл жақсы демалыстан кейінгі таңертеңгі уақыт.
3. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле. Ол үшін үстелдегі қажетті оқулықтардан (оқу құралдары, дәптерлер, қағаз, қарындаш т.б.) басқа артық заттарды алып таста. Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізуге болады, өйткені олар ойлау қабілетін жоғарылатады. Бұл үшін қабырға суреті немесе эстампа жеткілікті.
4. Емтихандарға дайындықты алдын ала, адап, бөліктеп, сабыр сақтай отырып баста. Дайындыққа жоспар құрастыр. Күнделікті дайындық жоспарын жасау барысында, дәл бүгінгі күні оқылатын материалды анықтап алу қажет. «Аздап дайындала тұрайын» демей, дәл қандай бөлім мен тақырыптар оқылатынын анықтап ал. Сонымен қатар ағза үйлесімдігін ескеріп, сабаққа дайындалу уақытын белгіле.
5. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.
6. Белгілі тақырыптарды басынан аяғына дейін жаттап алмай жоспар жасау арқылы есте сақтауға болады.
7. Оқылатын материалды саны жетіден аспайтындай етіп, мағыналы бөліктерге бөлген жөн. Материалдың жалпы мағынасын бір сөзбен жеткізу үшін мағыналы бөліктерін кеңейтіп және жалпылау қажет. Мәтіндегі «жұлдыз», «ағаш», «жақша» т.с.с. типті схемалармен қысқартуға болады. Қабылдау және есте сақтау сапасы айтарлықтай жақсарады.
8. Мәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жалпы айтқанда, кез келген мәтінмен аналитикалық жұмыс оның есте сақталуына әкеледі.
9. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер. Бұл уақытта уақытылы және жақсы тамақтану қажет. Серуендеу, спорттық ойын сауықтар жайлы ұмытпаңдар, үзіліс жасап белсенді көңіл аударыңдар. Жақсы тынығыңыз - ұйқы сіз үшін өте қажет. Емтихан алдында ұзақ уақыт дайындалып отырып қалмаңыз.
10. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасаңыз.

ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет
Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
ҰБТ қарсаңында
Көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
Депрессиялық шкала
Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi: ДД = ПР + ОБР мұнда: ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19. ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20. Жауапқа берiлген ұпай: А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай ДД : 50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз 50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия 60-69 ұпай арасында - субдепрессивтi күйi 70 ұпайдан жоғары - нағыз депрессилық күйдың диагностикасын көрсетедi. Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба? 1. Сіздің пікіріңіз бойынша, тағдыр...
1) сізді айналдырады -5
2) сізге әділетсіз -2
3) жақсы -1
2. Өзіңіздің жаман мәселеңіз туралы айтасыз ба?
1) жоқ, бұл сізге көмектеспейді -3
2) әрине, жақсы тыңдаушы болса -1
3) бәріне бірдей емес, ол туралы ойлау өзіме де қиын - 2
3. Қайғы, уайымды қалай қарайсыз?
1) әрқашанда өте ауыр –4
2) бұл жағдайға байланысты –0
3) шыдауға тырысамын, өйткені ерте ме, кеш пе мұндай жағдайдың бітетінін білемін –2
4. Егер сіз мүлдем "ащы суды” татпасаңыз келесі сұраққа көшіңіз. Егер ішсеңіз, не үшін ...
1) мұнда бар мәселені шешуге мүмкіндік бар -5
2) бір рет болса да "көңіліңді сергітесіз” –3
3) жәй ұнайды -1
5. Егер сізді біреу қатты жазаласа, не істер едіңіз?
1) үйде отырып, өз-өзімді аяймын –4
2) жақын жолдасыма барамын –2
3) көптен бері қол жетпеген қуаныш есебінде қабылдаймын -0
6. Егер жақын адамыңыз сізді ренжітсе, не істер едіңіз?
1) үндемеуге тырысамын –3
2) түсіндіруін талап етемін –0
3) тыңдаған адамның бәріне де айтамын –1
7. Бір сәт бақытты сезінсеңіз ойлаймын:
1) бақытсыздықтың болуы мүмкін емес деп –1
2) осы сәт тез өтіп кете ме деп қорқамын –3
3) өмірде көптеген қиындықтар барын да ұмытпау керек –5
8. Психиатр және психотерапевт туралы не ойлайсыз?
1) сіз олардың пациенті болғыңыз келмейді –4
2) олар көптеген адамдарға көмектесер еді – 2
3) адам өзіне өзі көп көмектесе алады –3
9. Жақын жолдасыңмен ұрысып қалсаңыз, ашуыңыз басылғаннан кейін не ойлайсыз?
1) бұрын арамызда не болғанын еске аламын –1
2) одан өшімді қалай алсам деп ойлаймын –2
3) оның қырсығына қанша шыдағаным туралы ойлаймын-3
Бәрін қосып, қанша ұпай жинағаныңызды қараңыз:
7-15 ұпай.
Сіз барлық қиындықтарға көне білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл – күйіңізге таңдануға болады.
16-26 ұпай.
Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселеріңізді өзіңіз шеше аласыз.
27-36 ұпай.
Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйреген жоқсыз.
Басса-Даркидің эмоциялық тесті
Шарты: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз "+" белгісін, ал келіспесеңіз "-" белгісімен белгілеңіз.
1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін.
2.Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін.
3.Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
4.Егер мені дұрыс, жиі жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын.
5.Меніц ойымша тағдыр маған қатыгез сияқты.
6.Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
7.Егер басқалар сөз-таласта менімен келіспесе, мен айтысудан бас тартпаймьн.
8.Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ұжданымньң алдында қатты азаптанамын, қысыламын, ұяламын.
9.Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емес сияқтымын.
10.Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жабамын.
11.Кейде адамдар мені өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді.
12.Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
13.Кейде мені қызғаныш мазалайды.
14.Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
15.Менің құқығымды басқалар сыйлағанды талап етемін.
16.Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді.
17.Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін.
18.Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін.
19.Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін.
20.Егер біреу өзін бастық сияқты көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
21. Мені барлық болмысыммен жек көретін адам жоқ.
22.Көбі маған қызғанышпен қарайды.
23.Егер мен қатты ызалансам да балағат сөзге жақындамаймын.
24.Жұмыстан қашатын адамдар өздерінің кінәсін байқап сезу керек.
25.Егер маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын.
26.Қатты ызаланғанда бірінші қолыма түскен затты алып, сындырғанымды есіме түсіре аламын. 27.Өзіме ұнамсыз адамдарға қатынасым дөрекілеу көзқарастамын.
28.Маған бұйрық беріп сөйлесе, ештеңс жасағым келмейді.
29.Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын.
30.Кейде мені мазақ қылатын сияқты.
31.Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.
32.Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады.
33.Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын.
34.Дау барысында мен жиі дауысымды көтеремін.
35.Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
36.Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын.
37.Мен әрқашан да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын.
38.Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ.
39.Мен жиі адамдарды жәй ғана айтып қорқытқанмен, оны орындамаймын.
40.Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.
Жауап бланкісі Ұпайлардың қосындысы 1+ - 9+ - 17+ - 25+ - 33+ - 2+ - 10+ - 18+ - 26+ - 34+ - 3+ - 11+ - 19+ - 27+ - 35+ - 4+ - 12+ - 20+ - 28+ - 36+ - 5+ - 13+ - 21+ - 29+ - 37+ - 6+ - 14+ - 22+ - 30+ - 38+ - 7+ - 15+ - 23+ - 31+ - 39+ - 8+ - 16+ - 24+ - 32+ - 40+ -
Кілті: . 1. Физикалық агрессия 1 - 9 17 -25 -33 2. Жанама агрессия -2 10 18 26 34 3. Тітіркенушілік 3 11 19 27 -35 4. Негативизм 4 12 20 28 36 5. Өкпелегіштік 5 13 -21 29 37 6. Күдіктенушілік 6 14 22 30 -38 7. Вербаліьді агрессия 7 15 -23 31 39 8. Кінәні сену 8 16 24 32 40 Сәйкес келеген таңбаларға бір ұпайдан беріледі және ұпайларды бір-біріне горизонтальді тұрғыда қосып, қосындысын "Ұпайлардың қосындысы" бағанына жазу қажет. Өңдеу кезінде эксперимент жүргізуші (зерттеушіні) зерттелушінің иителлектік деңгейі емес, оның мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.

Мектептегі тамақтану

Мектеп дәстүрі

«Абай атындағы №4 жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласының «Абай атындағы №4 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде типтік үлгідегі асхана жұмыс жасайды. «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы» демекші, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен күшейту бойынша аса өзекті мәселенің бірі толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде арендатор жеке кәсіпкер Бердібекова Гүлім жұмыс істейді. Асхана көлемі 49м2 . Асханада 2 адам жұмыс істейді. Екеуіде медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсы.
Асхана жұмыскерлерінің барлығында жұмыс киімдері бар (халат, алжапқыш, бас киімдері). Ас бөлігі күніне 2 рет жуылып тұрады. Ас өнімдерін сату уақытында барлық ережелер сақталады.
2018-2019 оқу жылында 1-11сыныптар оқушылар саны -896. Оның ішінен аз қамтылған отбасы баласы, қамқоршылықтағы оқушы және жалғыз басты ана, көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың әр айсайынғы кіретін кірісі есептеліп, 32 оқушы тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілер оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Мектептегі ыстық тамақ ішетін оқушылардың ыдыс-аяқтары 100 пайыз жабдықталған. Мейірбике асханадағы қолданылатын тағам түрлерін үнемі тексеріп,күнделікті тағам мәзірін қадағалайды. Тамақтың құрамының сапалы болуы және даярланған тамақтың сапасын сынаулары бойынша «Бракеражный журналға» күнделікті тағам мәзірі тексеріледі. Оқушалар тамақтанып болған соң, алғысын білдіріп жураналға белгіленіп отырады.
В будущее В прошлое

Навигация