Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

http://abai-maktaaral.mektebi.kz/ata-analarga/

Автор: admin от 15-05-2016, 02:43, посмотрело: 1667

0

Ата-анаға

 

Ата – аналарға арналған 10 кеңес
1. Баланы өзің сияқты болғанын немесе сен қалағандай болғанын күтпе.өзі жеке тұлға болып қалыптасуына көмектес.
2. Балаң үшін істеген істеріңе ақы сұрама. Сен оған өмір бердің. Сол үшін ол саған қарыз ба? Бұл – өмірдің заңы. Ол да біреуге өмір береді.
3. Баланың өмірін өз қиындықтарыңмен, реніштеріңмен ауырлатпа. Себебі «Не ексең соны орасың».
4. Балаңның қиын мәселелеріне аяқ асты қарама. Оның да өмірінде қиыншылықтар бар, мүмкін сіздікінен де көп шығар, себебіоның өмірлік тәжірибесі жоқ.
5. Балаңды кеміипе.
6. Есіңізде болсын – өмірдегі ең маңызды кездесулер – ол балалармен кездесу. Балаға көп назар аудару керек, себебі біз баланың жан дүниесінде не бар екенін білмейміз.
7. Балаң үшін бір нәрсе істей алмаймыз, сол үшін өзіңді кінәлама. Балаңа көмектесетін мүмкіндігің бола тұра көмектеспесең, сонда өз – өзіңді кінәлама.
8. Бала сенің барлық өміріңді алатын – жау емес. Бұл тек қана сенің өміріңнің жалғасы емес, ол – өмір саған сақтау мен қорғауға ұсынған қымбат гауһар тас – деп түсінуіңіз керек.
9. Өз балаңа басқалардың көзқарасы жақсы болсын десең, өзің де басқа балаларды жақсы көре біл.
10. Өз балаңның дарынсыздығына, өмірде жолы болмауына қарамай, жақсы көре біл. Балаңмен қарым – қатынасжасай отырып, әрдайым қуана біл, себебі балаң сен үшін – өмірлік мереке.
Ата-аналарға психологиялық кеңес
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Ата – аналарға кеңес

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.Ата-анаға

   

Категория: Ата-аналарға