Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Оқушыларға кеңес

Автор: admin от 31-03-2019, 03:53, посмотрело: 7316

42 Оқушыға кеңес
Жоғарғы сынып оқушыларына кеңес. Стрессіз емтихан тапсыру
1. «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есіңе ұста. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, барлық материалдарды қарап шығып, өзіңе таныс материалдарды қоя тұрып, жаңа, таныс емес тақырыпты оқудан баста.
2. Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс. Жаңа және күрелі материалды жұмыс жасауға және ойлау қабілеті жоғары болатын тәулік уақытында оқы. Әдетте бұл жақсы демалыстан кейінгі таңертеңгі уақыт.
3. Сабаққа дайындалатын орынды әзірле. Ол үшін үстелдегі қажетті оқулықтардан (оқу құралдары, дәптерлер, қағаз, қарындаш т.б.) басқа артық заттарды алып таста. Бөлме интерьеріне сары немесе күлгін түстерді енгізуге болады, өйткені олар ойлау қабілетін жоғарылатады. Бұл үшін қабырға суреті немесе эстампа жеткілікті.
4. Емтихандарға дайындықты алдын ала, адап, бөліктеп, сабыр сақтай отырып баста. Дайындыққа жоспар құрастыр. Күнделікті дайындық жоспарын жасау барысында, дәл бүгінгі күні оқылатын материалды анықтап алу қажет. «Аздап дайындала тұрайын» демей, дәл қандай бөлім мен тақырыптар оқылатынын анықтап ал. Сонымен қатар ағза үйлесімдігін ескеріп, сабаққа дайындалу уақытын белгіле.
5. Қиын материалды есте сақтау үшін бірнеше қайтара оқу қажет, кешке және таңертең тағы да қайтала.
6. Белгілі тақырыптарды басынан аяғына дейін жаттап алмай жоспар жасау арқылы есте сақтауға болады.
7. Оқылатын материалды саны жетіден аспайтындай етіп, мағыналы бөліктерге бөлген жөн. Материалдың жалпы мағынасын бір сөзбен жеткізу үшін мағыналы бөліктерін кеңейтіп және жалпылау қажет. Мәтіндегі «жұлдыз», «ағаш», «жақша» т.с.с. типті схемалармен қысқартуға болады. Қабылдау және есте сақтау сапасы айтарлықтай жақсарады.
8. Мәтінді өз сөзіңмен әңгімелеп жеткізу, бірнеше қайталап оқығаннан гөрі есте сақтау қабілетін жақсартады. Жалпы айтқанда, кез келген мәтінмен аналитикалық жұмыс оның есте сақталуына әкеледі.
9. Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытында өз денсаулықтарыңды күтіңдер. Бұл уақытта уақытылы және жақсы тамақтану қажет. Серуендеу, спорттық ойын сауықтар жайлы ұмытпаңдар, үзіліс жасап белсенді көңіл аударыңдар. Жақсы тынығыңыз - ұйқы сіз үшін өте қажет. Емтихан алдында ұзақ уақыт дайындалып отырып қалмаңыз.
10. Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасаңыз.

ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет
Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
ҰБТ қарсаңында
Көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысыны ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес,сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
Депрессиялық шкала
Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi: ДД = ПР + ОБР мұнда: ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19. ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20. Жауапқа берiлген ұпай: А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай ДД : 50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз 50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия 60-69 ұпай арасында - субдепрессивтi күйi 70 ұпайдан жоғары - нағыз депрессилық күйдың диагностикасын көрсетедi. Өз мәселеңді дұрыс шеше аласыз ба? 1. Сіздің пікіріңіз бойынша, тағдыр...
1) сізді айналдырады -5
2) сізге әділетсіз -2
3) жақсы -1
2. Өзіңіздің жаман мәселеңіз туралы айтасыз ба?
1) жоқ, бұл сізге көмектеспейді -3
2) әрине, жақсы тыңдаушы болса -1
3) бәріне бірдей емес, ол туралы ойлау өзіме де қиын - 2
3. Қайғы, уайымды қалай қарайсыз?
1) әрқашанда өте ауыр –4
2) бұл жағдайға байланысты –0
3) шыдауға тырысамын, өйткені ерте ме, кеш пе мұндай жағдайдың бітетінін білемін –2
4. Егер сіз мүлдем "ащы суды” татпасаңыз келесі сұраққа көшіңіз. Егер ішсеңіз, не үшін ...
1) мұнда бар мәселені шешуге мүмкіндік бар -5
2) бір рет болса да "көңіліңді сергітесіз” –3
3) жәй ұнайды -1
5. Егер сізді біреу қатты жазаласа, не істер едіңіз?
1) үйде отырып, өз-өзімді аяймын –4
2) жақын жолдасыма барамын –2
3) көптен бері қол жетпеген қуаныш есебінде қабылдаймын -0
6. Егер жақын адамыңыз сізді ренжітсе, не істер едіңіз?
1) үндемеуге тырысамын –3
2) түсіндіруін талап етемін –0
3) тыңдаған адамның бәріне де айтамын –1
7. Бір сәт бақытты сезінсеңіз ойлаймын:
1) бақытсыздықтың болуы мүмкін емес деп –1
2) осы сәт тез өтіп кете ме деп қорқамын –3
3) өмірде көптеген қиындықтар барын да ұмытпау керек –5
8. Психиатр және психотерапевт туралы не ойлайсыз?
1) сіз олардың пациенті болғыңыз келмейді –4
2) олар көптеген адамдарға көмектесер еді – 2
3) адам өзіне өзі көп көмектесе алады –3
9. Жақын жолдасыңмен ұрысып қалсаңыз, ашуыңыз басылғаннан кейін не ойлайсыз?
1) бұрын арамызда не болғанын еске аламын –1
2) одан өшімді қалай алсам деп ойлаймын –2
3) оның қырсығына қанша шыдағаным туралы ойлаймын-3
Бәрін қосып, қанша ұпай жинағаныңызды қараңыз:
7-15 ұпай.
Сіз барлық қиындықтарға көне білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл – күйіңізге таңдануға болады.
16-26 ұпай.
Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселеріңізді өзіңіз шеше аласыз.
27-36 ұпай.
Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйреген жоқсыз.
Басса-Даркидің эмоциялық тесті
Шарты: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз "+" белгісін, ал келіспесеңіз "-" белгісімен белгілеңіз.
1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін.
2.Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін.
3.Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
4.Егер мені дұрыс, жиі жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын.
5.Меніц ойымша тағдыр маған қатыгез сияқты.
6.Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
7.Егер басқалар сөз-таласта менімен келіспесе, мен айтысудан бас тартпаймьн.
8.Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ұжданымньң алдында қатты азаптанамын, қысыламын, ұяламын.
9.Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емес сияқтымын.
10.Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жабамын.
11.Кейде адамдар мені өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді.
12.Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
13.Кейде мені қызғаныш мазалайды.
14.Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
15.Менің құқығымды басқалар сыйлағанды талап етемін.
16.Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді.
17.Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін.
18.Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін.
19.Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін.
20.Егер біреу өзін бастық сияқты көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
21. Мені барлық болмысыммен жек көретін адам жоқ.
22.Көбі маған қызғанышпен қарайды.
23.Егер мен қатты ызалансам да балағат сөзге жақындамаймын.
24.Жұмыстан қашатын адамдар өздерінің кінәсін байқап сезу керек.
25.Егер маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын.
26.Қатты ызаланғанда бірінші қолыма түскен затты алып, сындырғанымды есіме түсіре аламын. 27.Өзіме ұнамсыз адамдарға қатынасым дөрекілеу көзқарастамын.
28.Маған бұйрық беріп сөйлесе, ештеңс жасағым келмейді.
29.Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын.
30.Кейде мені мазақ қылатын сияқты.
31.Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.
32.Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады.
33.Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын.
34.Дау барысында мен жиі дауысымды көтеремін.
35.Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
36.Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын.
37.Мен әрқашан да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын.
38.Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ.
39.Мен жиі адамдарды жәй ғана айтып қорқытқанмен, оны орындамаймын.
40.Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.
Жауап бланкісі Ұпайлардың қосындысы 1+ - 9+ - 17+ - 25+ - 33+ - 2+ - 10+ - 18+ - 26+ - 34+ - 3+ - 11+ - 19+ - 27+ - 35+ - 4+ - 12+ - 20+ - 28+ - 36+ - 5+ - 13+ - 21+ - 29+ - 37+ - 6+ - 14+ - 22+ - 30+ - 38+ - 7+ - 15+ - 23+ - 31+ - 39+ - 8+ - 16+ - 24+ - 32+ - 40+ -
Кілті: . 1. Физикалық агрессия 1 - 9 17 -25 -33 2. Жанама агрессия -2 10 18 26 34 3. Тітіркенушілік 3 11 19 27 -35 4. Негативизм 4 12 20 28 36 5. Өкпелегіштік 5 13 -21 29 37 6. Күдіктенушілік 6 14 22 30 -38 7. Вербаліьді агрессия 7 15 -23 31 39 8. Кінәні сену 8 16 24 32 40 Сәйкес келеген таңбаларға бір ұпайдан беріледі және ұпайларды бір-біріне горизонтальді тұрғыда қосып, қосындысын "Ұпайлардың қосындысы" бағанына жазу қажет. Өңдеу кезінде эксперимент жүргізуші (зерттеушіні) зерттелушінің иителлектік деңгейі емес, оның мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.

Категория: Оқушыларға

 

Мектептегі тамақтану

Автор: admin от 14-02-2019, 02:41, посмотрело: 98

16 «Абай атындағы №4 жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласының «Абай атындағы №4 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде типтік үлгідегі асхана жұмыс жасайды. «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы» демекші, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен күшейту бойынша аса өзекті мәселенің бірі толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде арендатор жеке кәсіпкер Бердібекова Гүлім жұмыс істейді. Асхана көлемі 49м2 . Асханада 2 адам жұмыс істейді. Екеуіде медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсы.
Асхана жұмыскерлерінің барлығында жұмыс киімдері бар (халат, алжапқыш, бас киімдері). Ас бөлігі күніне 2 рет жуылып тұрады. Ас өнімдерін сату уақытында барлық ережелер сақталады.
2018-2019 оқу жылында 1-11сыныптар оқушылар саны -896. Оның ішінен аз қамтылған отбасы баласы, қамқоршылықтағы оқушы және жалғыз басты ана, көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың әр айсайынғы кіретін кірісі есептеліп, 32 оқушы тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілер оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Мектептегі ыстық тамақ ішетін оқушылардың ыдыс-аяқтары 100 пайыз жабдықталған. Мейірбике асханадағы қолданылатын тағам түрлерін үнемі тексеріп,күнделікті тағам мәзірін қадағалайды. Тамақтың құрамының сапалы болуы және даярланған тамақтың сапасын сынаулары бойынша «Бракеражный журналға» күнделікті тағам мәзірі тексеріледі. Оқушалар тамақтанып болған соң, алғысын білдіріп жураналға белгіленіп отырады.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектептегі тамақтану

Автор: admin от 14-02-2019, 00:57, посмотрело: 75

2
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану

Категория: Мектеп

 

Мектептегі тамақтану

Автор: admin от 14-02-2019, 00:40, посмотрело: 59

0
Мектептегі тамақтану

Категория: ---

 

Іс шаралардан

Автор: admin от 14-02-2019, 00:38, посмотрело: 45

0
Іс шаралардан

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектептегі тамақтану

Автор: admin от 14-02-2019, 00:36, посмотрело: 44

0
Мектептегі тамақтану

Категория: Мектеп дәстүрі

 

7 мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Автор: admin от 10-01-2018, 10:54, посмотрело: 446

3 Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні. Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) Н.Ә.Назарбаев кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі. Отан қорғаушылар Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. 20 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі. Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Категория: Мектеп

 
 

Видио сабақтар

Автор: admin от 16-02-2017, 10:51, посмотрело: 304

2
 
 
 
 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Рәміздер

Автор: admin от 16-02-2017, 10:28, посмотрело: 207

2

 

 Қазақстан Республикасының туы

 

 

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

 


  Қазақстан Республикасының елтаңбасы

 


 

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 


  Қазақстан Республикасының гимні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

Гимн Сипаттамасы

Гимн — бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Гимн мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан Гимннің әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік Гимн қабылданды.
Жаңа Гимннің негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән — «Менің Қазақстаным». Бұл ән — жалынды жастықтың Гимні, халық жанының нағыз поэмасы болып танылған.
2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа Гимні болып атақты ән — «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») болды. Әуенін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ән ондаған жылдар халық арасында кеңінен таралды. Қазақстан Гимнінің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор — еліміздің Президенті.
Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа Гимн 2006 жылғы 7 қаңтардағы "Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Елбасы қол қойған № 112-ІІІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары — ресми жариялау күні — тарихқа еліміздің жаңа Гимнінің туған күні ретінде жазылып отыр.

 

Категория: Мектеп

 
Назад Вперед